Стихи на казахском языке

Мұқағали Мақатаев - өлеңдері. Стихи на казахском языке - Мукагали Макатаев.

Отан
Мұқағали Мақатаев
Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға - сол қайғы!
Күн көреді,
Әкесіз де, анасыз,
Өмір сүрер.
Әйелсіз де, баласыз,
Ал Отансыз -
Нағыз сорлы панасыз?
Білесің бе,

Стих про осень на казахском языке. Казахские стихи. Күз - өлеңдері.

Күз
Есенғали Раушанов
Бұлттарын түйдек алып кеп,
Жасаулап туған мекенін,
Сары мақпалмен әдіптеп
Келінтөбенің етегін;
Шүрегейлері асығып,
Күз жетсе қоңыр самал боп,
Шүберек сөмке асынып,
Мектепке қайта барар ма ек!
Күбірлеп кәрі анамыз
Үш шығар еді, үш кіріп.
Қаһарға мінген қара күз
Тұратын тыста ысқырып.
Дауысын тыңдап жаңбырдың,
Қалғушы ем қамсыз көз іліп,

Ыбрай Алтынсарин - өлеңдері. Стихи на казахском языке - Ыбырай Алтынсарин.

Өсиет өлеңдер
Ыбырай Алтынсарин
Бет 1 . Барлығы 5 бет
Жаратты неше алуан жұрт бір Құдайым,
Тең етті бәрімізге күн мен айын.
Адамның адам біткен баласымыз,
Қайсың бөлек тудың деп айырайын,
Бәріміз бір адамның баласымыз,
Жігіттер бір - біріңе қарасыңыз.
Өмір деген бес күндік кетер өтіп,
Атаң барған орынға барасыңыз.
Пайғамбар бұрынғы уақытта Дәуіт өткен.
Патша боп бұл дүниеге даңқы кеткен.

Pages