Ыбырай Алтынсарин стихи

Ыбрай Алтынсарин - өлеңдері. Стихи на казахском языке - Ыбырай Алтынсарин.

Өсиет өлеңдер
Ыбырай Алтынсарин
Бет 1 . Барлығы 5 бет
Жаратты неше алуан жұрт бір Құдайым,
Тең етті бәрімізге күн мен айын.
Адамның адам біткен баласымыз,
Қайсың бөлек тудың деп айырайын,
Бәріміз бір адамның баласымыз,
Жігіттер бір - біріңе қарасыңыз.
Өмір деген бес күндік кетер өтіп,
Атаң барған орынға барасыңыз.
Пайғамбар бұрынғы уақытта Дәуіт өткен.
Патша боп бұл дүниеге даңқы кеткен.