Стихи Абая на казахском языке

Абай Кунанбаев - "Лето" (Жаз - Абай Құнанбайұлы), стихи на казахском языке с переводом

Жаз
Абай Кунанбаев (Абай Құнанбайұлы).
Жаздыгїн шілде болєанда,
Кґкорай шалєын, бјйшешек,
Ўзарып ґсіп толєанда;
Кїркіреп жатќан ґзенге,
Кґшіп ауыл ќонєанда;
Шўрќырап жатќан жылќыныѕ
Шалєыннан жоны ќылтылдап,
Ат, айєырлар, биелер
Бїйірі шыєып, ыѕќылдап,
Суда тўрып шыбындап,
Кўйрыєымен шылпылдап,
Арасында кўлын-тай
Айнала шауып бўлтылдап.
Жоєары-тґмен їйрек, ќаз

"Лето"("Жаз") - Стихи на казахском языке (Өлеңдер).

Жаз жайлау
Бақыткерей Ысқақ
Жаз жайлау неткен кең еді.
Жұпарын желмен төгеді.
Балдырған тілді бұлақтар
Құлдилап шауып келеді.
Ұшқан құсқа сорғалап,
Жаяды төсін шартарап.
Құлын, тай тұрмас орнында
Бір-бірін қуып, жорғалап.
Жұмыртқадай ақ үйлер,
Төгіліп тұрған ән күйлер.
Жұп - жұмсақ алақанымен
Жаз жайлау, бәрін-әлдилер.

Абай Құнанбайұлы(Абай Кунанбаев) - стихи(Өлеңдер) о природе на казахском языке

Қыс
Абай Құнанбайұлы (Абай Кунанбаев)
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.

Стихи о природе на казахском языке. Казахские стихотворения (Өлеңдерi)

Орман
Сәкен Сейфуллин
Орман міні,
Мұның да үні
Кейде жұмсақ, кейде шу.
Кейде тынық,
Кейде сұлық,
Кейде дауыл гу де гу.
Қалың орман,
Ойға толған,
Тұнжырайсың иіліп,
Еңбек сырлас,
Сәулем құрдас,
Әр рудан жиылып.
Жоқ бір қалып,
Кейде ырғалып,
Сен де көлше шулайсың.
Басты шайқап,
Желді жайпап,
Аласұрып тулайсың.
Аппақ қайың,
Қарағайың

Стих про осень на казахском языке. Казахские стихи. Күз - өлеңдері.

Күз
Есенғали Раушанов
Бұлттарын түйдек алып кеп,
Жасаулап туған мекенін,
Сары мақпалмен әдіптеп
Келінтөбенің етегін;
Шүрегейлері асығып,
Күз жетсе қоңыр самал боп,
Шүберек сөмке асынып,
Мектепке қайта барар ма ек!
Күбірлеп кәрі анамыз
Үш шығар еді, үш кіріп.
Қаһарға мінген қара күз
Тұратын тыста ысқырып.
Дауысын тыңдап жаңбырдың,
Қалғушы ем қамсыз көз іліп,