Казахстан

На казахском языке стихи о Казахстане. Қазақстан - өлеңдері.

Қазақстан
Ұлықбек Есдәулетов
Арыстандай айбаттым,
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтым,
Қанша жұлдыз жайнаттың,
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан, ардақтым!
Тұлпарыңның шабысын,
Домбыраңның қағысын,
Күңіренткен тау ішін,
Дарияңның ағысын
«Сүйем!» десем - бәрі шын,
Қазақстан - намысым!
Әрбір тасы - киелім,
Әр уығы - жүйелім,
Ән кернеген жүрегін,
Күй кернеген тиегін,

Әбділда Тәжібаев(Абдильда Тажибаев) - Өлеңдерi(стихи на казахском языке)

Көкек
Әбділда Тәжібаев
Бір қонып, бір секектеп,
Атым менің «көкек!»- деп.
Керек болса саған жаз
Келдім дейді жетектеп.
Қорықпандар жаз өтет деп,
Мен ғой келген жетектеп,
Тұрады жаз тамылжып,
Қойсам болды «көкек!»- деп.
Отарбада
Әбділда Тәжібаев
Бейне перне тізілген,
Шпал қалай көп еді,