Қазақ афоризмдерi. Казахские афоризмы на казахском языке.
Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме?! Иман - парыз.
О да - құдай пендесі,
Түспей кетер деймісің,
Тәңірінің құрған тезіне!
Түспей кетер деймісің,
Тәңірінің құрған тезіне!
Бақ-дәулет, мал бітерде: ырыс қонар, ынтымағы ағайынның дұрыс болар, бала пайдакүнем болар, жалшы жауынгер болар, қыз қылықты болар, келін епті болар, көп көрініп жау қашырар, көптеп- көмектеп қонақ атандырар. Адамы қырлы болар, малы түрлі болар, иті-үреген келер, тіркеген малы жүреген келер.
Мұсылман діні мен христиан діні - Қазақстанның рухани дүниесінің қос қанаты.
Аллаға жағамын десең - азаның болсын, пендеге жағамын десең қазаның болсын.
Жастықта бір күлгенің - бір қаралық.
Кімді сүйсең де - шын көңілмен сүй.
Кімді сүйсең де - шын көңілмен сүй.
Құдайға құлшылық қыл, аллаға жақ,
Қабірге бірге түспес мал мен бақ.
Тәңірі алдына барғанда бәрі бірдей,
Патша болып мінсең де алтыннан тақ.
Қабірге бірге түспес мал мен бақ.
Тәңірі алдына барғанда бәрі бірдей,
Патша болып мінсең де алтыннан тақ.
Сұлуды сұлу деме - сүймеген соң,
Асылды асыл деме - кимеген соң.
Жақсыларға не керек қошамет қып -
Шарапаты ешкімге тимеген соң.
Асылды асыл деме - кимеген соң.
Жақсыларға не керек қошамет қып -
Шарапаты ешкімге тимеген соң.
Ажал жетпей - өлмек жоқ.
Орындалған арман - бақыт,
Орындалмаған арман - күйік.
Орындалмаған арман - күйік.
Ел адамымен сөйлессең - ауыл-аймағын айтады, қала адамымен сөйлессең - үйіндегі жиған-тергенін айтады, қыр адамымен сөйлессең - бота менен тайлағын айтады, ал тексізбен сөйлессең - қайдағы-жайдағы аузына келгенін айтады.
Жастықта көкірек - зор, уайым - жоқ.
Адам баласы бір-біріне өкімші де, құл да болған.
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Қазаққа ар-ұят ең жоғары саналады.
Тірі адам - табылар.
Нысап пен ұят әділеттен шығады.
Бұл фани ұзақ болса жүз жыл болар,
Байқасаң тоқтауы жоқ бұл бір сонар.
Сонаршы кешке дейін түлкі қуған,
Күн батып, шаршаған соң, ақыр қонар.
Байқасаң тоқтауы жоқ бұл бір сонар.
Сонаршы кешке дейін түлкі қуған,
Күн батып, шаршаған соң, ақыр қонар.
Аз сөйлер де, көп тыңдар хас асылдың баласы.
Арсыз сөз қыдыртып, жұрт құтыртуға құмар.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Сонда толық боласың елден бөлек.
Бақ қонады ұл таңдап,
Қонақ қонар үй тандап.
Болымы жоқ бозбала,
Бейнеттен қашар бұлтыңдап.
Қонақ қонар үй тандап.
Болымы жоқ бозбала,
Бейнеттен қашар бұлтыңдап.
Бір аяқ сусын - екі кісінің құны: су табылмаса шөлдеген өледі, ұяттан - тауып бермеген өледі.
Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек.
Арын сатқан антұрғанның айтқан сөзі құрсын.
Ағасы бардың - панасы бар, інісі бардың - тынысы бар.